kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жер сілкінісі мен дабыл чемоданына дайындық» тақырыбында тренинг

2023 жылғы 17 сәуірде Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында өте маңызды семинар өтті. Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының нұсқаушысы А.Сейполдаева колледждің бөлім басшылары мен азаматтық қорғау құралым командирлеріне «Жер сілкінісі мен дабыл чемоданына дайындық» тақырыбында тренинг өткізді.

Бұл семинардың негізгі мақсаты қатысушылардың жер сілкінісі кезіндегі әрекеттерді ұйымдастыру және зардаптарын жою бойынша білімдері мен дағдыларын арттыру болды. Біз мұндай шаралардың маңызы зор деп есептейміз және оған белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Күтпеген жағдайларға дайын болыңыз және күш білімде екенін есте сақтаңыз! earthquake