Осы жылы Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 75 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуде.
№2 ЦӘК оқытушылары 7 сәуірде колледж акт залында колледждің барлық білім алушылары үшін “Денсаулық – табыс кепілі” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Анатомия оқытушылары – Байзаханов Аслан Әділханұлы мен Тұрдықұл Дастан Ғалымұлы ДДҰ-ның пайда болу тарихы туралы қысқаша баяндама жасады. Сондай – ақ, 1 курс, 22 топ – “Акушерлік іс” мамандығының студенті Салимова Анель баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық брошюралар таратылды.
Біз барлық қатысушыларға осы дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз. Бұл іс-шаралар біздің білім алушыларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмір салтын насихаттау мен қолдаудағы және бүкіл әлемде аурудың таралуын болдырмаудағы рөлі қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.
