Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның барша қызметкерлері және білім алушылары 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!