29 наурыз 2022 ж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында Д.И. Менделеевтің туған күніне орай «Жаратылыстану ғылымдарының заманауи жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК атынан:
1) «Қарағайдың тозаңы табиғаттың қайталанбас өнімі» тақырыбында 2 курс студенті Қожаманова Мадина (20-14 фарм, жетекшісі: Ветлугина С.Н.) қатысып, 1 орынды жеңіп алды!
2) 1 курс студенті Советбеков Алишер (ЛД 21-04, жетекшісі Бекбатырова Г.А.) «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбымен 2 орынға ие болды!
3) 1 курс студенті Құмарова Айымжан (ЕI 21-15, ғылыми жетікшiсi: Тюлебаева А.Ж.) «Атырау қаласының ауасының ластануы» тақырыбымен 3-орын иегері болды!
Колледжіміздің студенттерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар! Осы қалыптарыңнан таймаңдар!