2022 жылдың 12 наурызында Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №4 «Арнайы пәндер» ЦӘК оқытушысы Түгелбаева Гаухар Хамзатқызы «С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» АҚ Фармация мектебінің базасында колледждің фармацевтика бөлімінін студенттеріне экскурсия сабағын ұйымдастырды.
Экскурсияны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Капсалямова Эльмира Николаевна жүргізді. Ол студенттерді зауыт өндірісінің дәрілік түрлерін дайындауға арналған аспаптардың жұмысымен таныстырды, Фармация мектебінің практикалық дағдылар орталығының жұмысымен таныстырып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Колледж студенттерінің пікірлері бойынша экскурсия сабақ жоғары танымдық деңгейде өтті. Мұндай сабақтар, сондай-ақ басқа да іс-шаралар Фармация мектебінде Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК және «С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» АҚ арасында қабылданған меморандум аясында өткізілуде.