2022 жылдың 15 сәуірінде Алматы қаласы, Жоғары медициналық коллледжінің “Театр өнері” үйірмесінің жылдық есеп беру кеші өтті.
15 сәуір Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай “Ажарың ашық екен атқан таңдай — Гауһартас!” тақырыбында пьеса өткізілді. Бұл трагедиялық жанрды қамтиды. Шешімі Қозы мен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген тағдырларын еске түсіреді. Гауһатас образы арқылы көтерілген негізгі мәселе -таптық теңсіздік. Байдың қызы Гауһартасқа сал сері Естайдың ғашықтығы жолындағы тас бөгет-бұлардың ата-аналарының арасындағы дүние-мүлік теңсіздігі, тұжырып айтқанда, таптық кереғарлық. Пьесада барлық өмір құбылыстарына таптық көзқарас тұрғысынан баға бере отырып, бай мен кедейді салыстыра көрсетіп, теңсіздікті әділетсіздік деп түсіндіргіміз келді. Қазақта жеті ғашық деген ұғым бар. Ләйлі-Мәжнүн, Еңлік-Кебек, ҚызЖібек-Төлеген, Қозы мен Баян. Бұлар-ұрпаққа үлгі адал махаббаттың иелері. Бірақ 7 ғашықтың қай-қайсысы да қосыла алмаған. Әйтсе де махаббат-мәңгілік тақырып. Ақындардың көп жырлайтыны да сондықтан болар. Қоғам өзгереді, өмір өзгереді, адамдар өзгереді. Өзгермейтін нәрсе-махаббат. Оны жырлаудан ақындар ешқашан жалықпайды. «Гауһартас» пьесасы да-махаббат дастаны.