kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Арулар — асыл жандар!»

2022 жылдың 4 наурызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК- да «Тәрбие және әлеуметтік жұмыс» бөлімі, Студенттік Кеңестің арда азаматтарының ұйымдастыруымен «Арулар — асыл жандар!» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз Шаңырақтарыңыз бен ғұмырларыңыз жылулыққа, жандарыңыз бен жүректеріңіз бақыт пен махаббатқа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі әр кезде де сіздерге тек шынайы шабыт берсін. Айтулы мереке — өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін. Барлық ауыртпалық айналып өтіп, арайлап атқан әрбір таң Сіздерге тек қуаныш әкелсін.

Мейрамдарыңызбен!🌹