kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тұғыры биік Тәуелсіздік!»

2021 жылдың 14 желтоқсаны күні Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК–ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін тойлау аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбында қалалық салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шарамыздың қадірлі қонақтары Қаланың медициналық қоғамдастығы Алматы қ. ҚДСБ басшысы Табынбаев Нариман Болтайұлы, қаланың денсаулық сақтау жетекші-ардагері – Урмурзина Гүлшара Ғазизқызы, Алматы қ. медициналық ұйымдарының бірінші басшысы – Қасымжанова Жанат Кәкімсейітқызы болды.

Шара барысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына орай Алматы қ. әкімінің алғыс хатымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен медицина саласының мамандары мараптталды.

Онымен қоса, біздің білім ордамыздың дарынды білім алушылары — «Ән дария дүлділдері» 1-ші Республикалық әншілер байқауының лауреаты Илиясова Сания, «Қазақстан балалары шексіз әлемде» Республикалық ән-би байқауының жүлдегері Алмат Рашид, Республикалық «Ақберен» жас ақындар байқауының жүлдегерлері Қаратас Мерей, Абусадық Томирис, Дәулетов Ондасын, Республикалық «Тарихқа тағзым» күйшілер конкурсының лауреаты, Алматы қалалық «Толағай тілім, толғашы» атты жыршы-термешілер конкурсының жүлдегері Бекмухамбет Досан, «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің 2-дәрежелі лауреаты Темірбек Бибіана өз өнерлерін көрермендерге көрсетіп паш етті.

Кеш жүргізуішілер білім ордамыздың аға ұстазы, дәрігер — Ермек Рахмет және үйлестіруші маман — Аружан Дастанқызы болды.

Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Мерекеміз құтты болсын!