2025 жылдың қазан айының 14-16 аралығында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттерін «Студент қатарына қабылдау» салтанатты шарасы өтті.
Мерекелік іс-шарада бірінші курс студенттері колледж студенттері деп аталуға ант беріп және жоғары курс студенттерінен «Алтын кілт» және «Студенттік билет» символдық белгілерін алды.
Концерттік бағдарламаға бірінші курс студенттері шығармашылық нөмірлер дайындады, ал Студенттер кеңесінің белсенділері белгілі қазақстандық және шетелдік орындаушыларға пародия жасады.
Құрметті бірінші курс студенттері! Колледждегі жылдарыңыз жемісті болсын, мақсаттарыңызға батыл қадам жасаңыздар. Сіздер біздің оқу орнымыздың керемет дәстүрлеріне лайық болу үшін барлық күш-жігеріңіз бен қабілеттеріңізді жұмсайтыныңызға сенімдіміз!
