kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Алматыда медициналық ұйымдар жетілдіріліп жатыр: ауруханалар жаңғыртылып, емханалар күшейтіліп жатыр

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Пашимов мегаполистегі медициналық ұйымдарға жұмыс сапарымен барды.

Инспекция барысында ол қалалық клиникалық ауруханалардың жаңғыртылу жұмысының барысымен, сондай-ақ емханалардың, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысымен танысты.

Негізгі нысандардың бірі — №4 қалалық клиникалық аурухана болды. Мұнда 400 мыңнан астам қала тұрғынына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында ауқымды жетілдіру жұмысы жүргізіліп отыр. Қазір аурухана тәулік бойы жұмыс істейді және жылына 12,5 мыңға дейін ота жасайды, қабылдау бөліміне тәулігіне 300-ге жуық науқас жүгінеді.

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезеңде медициналық көмектің үздіксіздігі қамтамасыз етілген: науқастарға арналған бөлек маршруттар ұйымдастырылған, ангиограф жұмысына арналған «жасыл дәліз» жұмыс істейді, инженерлік жүйелерге тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр.

Сапар барысында Марат Пашимов мердігерлермен кездесіп, жаңғырту барысын тұрақты бақылауда ұстауды және медициналық ұйымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ерекше назар №24 қалалық емхана жұмысына аударылды. Бұл емхана 2022 жылдан бастап Алматы қаласындағы тергеу изоляторында және түзету мекемелерінде отырған адамдарға медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде қалада осындай үш мекеме жұмыс істейді — №72, №11 және №13, онда 2000-нан астам адам қамтылған.

№72 мекемеге барғанда Марат Пашимовқа заманауи медициналық бөлім көрсетілді. Ол УДЗ-ның сарапшылық санаттағы аппаратымен, рентген жабдығымен, стоматологиялық қондырғымен, флюорографпен, ұрық мониторымен және дефибриллятормен жабдықталған.

Мұнда 38 маман, соның ішінде 17 дәрігер жұмыс істейді. Медициналық бөлімде клиникалық-диагностикалық зертхана, күндізгі стационар, дәріханалық қойма бар, сондай-ақ телемедициналық консультация өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл кең ауқымды медициналық қызмет көрсетуге және науқастарды мекемеден тыс жерге тасымалдау қажеттігін азайтуға мүмкіндік береді. Барлық түзету мекемесінде күн сайын жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдауы жүргізіледі, ал апта сайын үш рет бейінді мамандар қабылдайды.

Үнемі профилактикалық іс-шаралар мен скринингтер өткізіліп тұрады. Сапар қорытындысы бойынша Марат Пашимов қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық көмекті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруды, профилактикалық бағытты күшейтуді және телемедицинаны кеңінен қолдануды тапсырды.

Бұдан әрі ҚДСБ басшысы №20 қалалық емханаға барды. Ғимаратты күрделі жөндеуден кейін ол әрлеу және инженерлік жұмыстардағы, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандырудағы бірқатар кемшілікті байқады. Ұйым басшылығына анықталған барлық бұзушылықты фотофиксациямен актіге енгізіп, белгіленген мерзімде жою тапсырылды.

Жұмыс сапарына №7 қалалық клиникалық аурухана да кірді. Мұнда аурухананың стационарлық корпусын жаңғырту жұмысы басталды, сонымен қатар медициналық қызмет көлемін қысқартпай емхананы күрделі жөндеу жүргізіліп отыр.

Сапар барысында Марат Пашимов мердігер ұйымдармен кеңес өткізіп, онда болашақ жаңғыртудың эскиздік жобалары ұсынылды. Ол жұмыс кестесін қатаң сақтауды, жұмыстың сапалы орындалуын және халыққа медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар медициналық көмек сапасының төмендеуіне жол бермеуді тапсырды.

Жоба аясында ғимаратты сейсмикалық күшейту, коммуникацияны ауыстыру, қауіпсіздік жүйесін жаңғырту және пайдалы аумақты 2500 м²-ге ұлғайту қарастырылған. Бірінші қабат заманауи фронт-офиске айналдырылып, бөлек кіреберіс жасалады. Бұл пациенттер үшін қолайлы жағдай туғызып, келушілер мен қызметкерлер ағынын бөлуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ №10 қалалық емхананың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталып жатыр. Емхана Әуезов ауданының шамамен 60 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Мұнда отбасы және бала денсаулығы орталықтары, әйелдер консультациясы, клиникалық-диагностикалық бөлімше және кеңейтілген функциясы бар мобильді бригада жұмыс істейді. №10 емханаға қатысты ҚДСБ басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы жеделдетіп аяқтап, күрделі жөндеуді бастауға тапсырма берді.

Алматы қаласында медициналық ұйымдарды жаңғырту мен дамыту — Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басым міндеті. Бұл шаралар медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасын арттыруға, қолданыстағы ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және қаланың денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған.

В Алматы модернизируют медицинские организации: реконструкция больниц и усиление поликлиник

Временно исполняющий обязанности руководителя Управления общественного здравоохранения города Алматы Марат Пашимов совершил рабочий объезд медицинских организаций мегаполиса.

В ходе инспекции он ознакомился с ходом реконструкции городских клинических больниц, а также с деятельностью поликлиник, в том числе обслуживающих учреждения уголовно-исполнительной системы.

Одним из ключевых объектов стала Городская клиническая больница №4, где ведётся масштабная реконструкция, направленная на модернизацию инфраструктуры и повышение качества медицинской помощи для более чем 400 тысяч жителей города. Сегодня больница работает в круглосуточном режиме и выполняет до 12,5 тысячи операций в год, а в приёмное отделение ежедневно обращаются до 300 пациентов.

Во время строительных работ обеспечена непрерывность оказания медицинской помощи: организованы отдельные маршруты для пациентов, функционирует «зелёный коридор» для работы ангиографа, ведётся постоянный мониторинг инженерных систем.

В рамках визита Марат Пашимов встретился с подрядчиками и поручил держать реконструкцию под постоянным контролем, обеспечив бесперебойную работу медучреждения.

Особое внимание было уделено деятельности Городской поликлиники №24, которая с 2022 года оказывает медицинскую помощь лицам, находящимся в следственном изоляторе и исправительных учреждениях Алматы. Сегодня в городе функционируют три таких учреждения — №72, №11 и №13, в них содержатся более 2000 человек.

При посещении учреждения №72 Марату Пашимову показали современную медицинскую часть, оснащённую аппаратами УЗИ экспертного класса, рентген-оборудованием , стоматологической установкой, флюорографом, фетеланым монитором и дефибриллятороми для оказания медицинской помощи в санчасти учреждения.

Здесь работают 38 специалистов, включая 17 врачей. Медицинская часть располагает клинико-диагностической лабораторией, дневным стационаром, аптечным складом, а также возможностью проведения телемедицинских консультаций.

Это позволяет оказывать широкий спектр медицинских услуг и снижает необходимость транспортировки пациентов за пределы учреждения.

Во всех исправительных учреждениях ежедневно ведётся приём врачей общей практики, а трижды в неделю организован приём узких специалистов.

Регулярно проводятся профилактические мероприятия и скрининги. По итогам визита Пашимов поручил продолжить работу по обеспечению медицинской помощи в учреждениях уголовно-исполнительной системы, усилив профилактическое направление и применение телемедицины.

Далее глава УОЗ посетил Городскую поликлинику №20. После капитального ремонта здания он обратил внимание на ряд недочётов в отделочных и инженерных работах, а также в благоустройстве прилегающей территории. Руководству организации было поручено зафиксировать все выявленные нарушения в акте с фотофиксацией и обеспечить их устранение в установленные сроки.

Рабочий объезд также включал Городскую клиническую больницу №7, где стартовала реконструкция стационарного корпуса больницы и где параллельно идёт капитальный ремонт поликлиники без сокращения объёмов оказания медицинских услуг.

В ходе визита Марат Пашимов провёл совещание с подрядными организациями, на котором были представлены эскизы будущей реконструкции.

Он поручил строго соблюдать график работ, обеспечивать их качественное исполнение и при этом не допускать снижения доступности и качества медицинской помощи для населения.

Напомним, что проектом предусмотрено сейсмическое усиление здания, замена коммуникаций, модернизация систем безопасности и увеличение полезной площади на 2500 м².

Первый этаж будет переоборудован в современный фронт-офис с отдельными входами, что обеспечит комфортные условия для пациентов и разграничение потоков посетителей и персонала.

Завершается разработка проектно-сметной документации на капитальный ремонт Городской поликлиники №10, обслуживающей почти 60 тысяч жителей Ауэзовского района.

В организации уже функционируют Центры семейного и детского здоровья, женская консультация, клинико-диагностическое отделение и мобильная бригада с расширенными функциями. По поликлинике №10 глава УОЗ поручил ускорить завершение проектно-сметной документации для начала капитального ремонта.

Реконструкция и развитие медицинских организаций Алматы являются приоритетной задачей Управления общественного здравоохранения. Эти меры направлены на повышение доступности и качества медицинской помощи, снижение нагрузки на действующие учреждения и приближение системы здравоохранения города к международным стандартам.