2025 жылғы 9 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттеріне арналған «Саналы некеге қадам» тақырыбында дәріс және «Жастарға отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: студенттердің отбасылық өмірге ерте араласудың жауапкершілігі мен салдары туралы тұтас түсінігін қалыптастыру; жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша студенттердің хабардарлығын арттыру.
Дәріс оқығандар:
— Тажиева У.А. — медпункт фельдшері;
— Каштаева Ш.Е. – тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлім басшысы;
— Бейсембаева Ш.Қ. — әлеуметтік педагог;
— Жумабай А.Қ. – психолог.
Мұндай кездесулерде қарастырылатын профилактикалық шаралар жастардың өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі.
Қазіргі жастар ересектерге еліктеп, жыныстық өмірді тым ерте бастап кетеді, бұл өз денсаулығына төнетін салдарды толық түсіне бермейді. Қазақстанда жыл сайын 15 пен 17 жас аралығындағы 2,5 мыңнан астам жасөспірім жүктілік бойынша есепке алынады.
Жүктілік – өте күрделі физиологиялық процесс. Денсаулыққа зиян келтірмей, сау баланы дүниеге әкелу үшін организм толық қалыптасуы тиіс, бұл 18 жастан ерте болмайды.
Жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектесетін, яғни денсаулығы мен бақытты өмірін таңдауға жол ашатын білім беру – аса маңызды.




