2025 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” атты 1-2 курс студенттер арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізілді.
Тоғызқұмалақ – қазақ ұлттық логикалық үстел ойыны. Ойын математикалық ойлау мен төзімділікті дамытады. Ойын барысында қарсыластар барлық төрт негізгі математикалық әрекеттерді қолданады. Ойын тек санау жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар тактикаға да негізделген. 2020 ж. ЮНЕСКО бұл ойынды материалдық емес мұралардың өкілдік тізіміне енгізді.
Турнирдің төреші колледждің дене шынықтыру оқытушысы — Идришев Р.Б.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын «МІ 24-24» тобының студенті Жарас Назым;
2 орын — «МІ 24-24» тобының студенті Ерлесбек Еркежан;
3 орын — «МІ 24-19» тобының студенті Нурбанова Атдина иеленді.
Жарыстың әр қатысушысына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!
