kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

2025 жылдың 3 қазанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Студенттік кеңес белсенділерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Барлық мамандық атаулы ұстаздан басталады. Бұл сөз түрлі саладағы болашақ мамандарды қалыптастыруда ұстаздың маңыздылығын нақты көрсетеді. Ұстаздардың (оқытушылардың) біздің өміріміздегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Олар бізге жаңа білімнің есігін ашып, өз бетімен ойлануға, үнемі даму жолында болуға тәрбиелейді. Жеке үлгісі арқылы биік адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады.

Құрметті Колледжіміздің оқытушылары! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Студенттеріңізбен бірге биік белестерді бағындырып, дендеріңізге саулық, арман-тілектеріңіздің орындалуын тілейміз!