kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

1-курс студенттерінің ата-аналарымен «Тәртіптің ең тамаша мектебі – ол отбасы» тақырыбында кездесу

08-09.10.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да 1-курс студенттерінің ата-аналарымен «Тәртіптің ең тамаша мектебі – ол отбасы» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен өзара ынтымақтастықты нығайту, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ тәрбие мен тәртіпті бірлесіп қамтамасыз ету.

Жиын барысында төмендегі маңызды мәселелер қаралды:
▪️ Буллинг мәселесі және оның алдын алу шаралары;
▪️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу;
▪️ Колледж аумағында рұқсатсыз бейнетүсірілім жасау, оны TikTok, WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерде жариялау және осы әрекеттерге қатысты құқықтық жауапкершілік.

Ата-аналар мен жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі мен әкімшілік жауапкершілігі, эмоционалды қолдау әдістері, сондай-ақ жасөспірімдердің интернетті пайдалануын шектеу бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл жеке кеңістікті бұзу емес, сақтық шарасы және сіздердің ата-анаңыздың жауапкершілігі мен қамқорлығының көрінісі екенін түсіну керек.