kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қыз Жібек» операсының сахналанғанына 90 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 4-Сәуір күні колледжіміздің студенттік кеңес мүшелері, қазақ өнерінің алтын қазынасы «Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 90 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Халқымыздың кәсіби опера тарихы осы «Қыз Жібектен» бастау алған. Осыдан 90 жыл бұрын 1934 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» – опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті.

Жібектің рөлін алғаш сомдаған қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова. Ал, Төлегенді Қанабек Байсейітов ойнады. Әйгілі әнші Манарбек Ержановта Шегенің образын көрерменге тамаша жеткізді.

Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар.

Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

Праздничное мероприятие, посвященное 90-летию постановки оперы «Қыз Жібек»

04.04.2024 г. в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы членами студенческого совета было организовано праздничное мероприятие, посвященное 90-летию постановки оперы «Қыз Жібек» — золотой сокровищницы казахского искусства.

Из истории. В далеком 1934 г. в Казахском государственном академическом театре оперы и балета состоялась первая постановка оперного произведения в истории театра, именно с оперы «Қыз Жібек». Это произведение — жемчужина казахского фольклора. Поэма воспевает верность в любви, дружбе, отвагу и патриотизм.

Главные партии исполняли: народный артист СССР К. Байсеитова (Жибек), народный артист Каз ССР К. Байсеитов (Толеген) и М. Ержанов (Шеге).

В основе оперы трагическая любовь двух молодых людей (Жибек и Толегена), которые сталкиваются с патриархально-феодальными устоями того времени. В оперу вошли казахские вокальные и инструментальные произведения, песни, кюи народных композиторов.

В 1970-ом году казахский режиссёр Султан-Ахмет Ходжиков снял на Казахфильме одноимённую двухсерийную ленту. Фильм удостоен Государственной премии Казахской ССР 1972 г.