kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Шарғын Алғазыұлының 120 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

2023 жылғы 10 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да қазақтың біртуар ақыны, ағартушы — Шарғын Алғазыұлының 120 жылдығына арналған «Алаш рухты ақын» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінде ұлы мұра қалдырған Шарғын Алғазыұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әңгімелеу.

Кеш қонақтары: ақынның ұлы — Алғазиев Тілеухан Шарғынұлы, шөбересі Алғазиев Ердос Беделханұлы. Тілеухан Шарғынұлы 2 томдық өлеңдер жинағын колледж кітапханасының қорына тапсырды, сонымен қатар әкесі туралы естеліктермен бөлісті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: № 3 ЦӘК оқытушылары Шинибаева А.А., Омашбекова Г.А., Алғазиева Ж.Б., Қозыбекова А.О., «МІ 20-6» топ студенттерімен бірлесе отырып кешке арналған кездесуді және шығармашылық бағдарламаны ұйымдастырды. Кітапхана меңгерушісі Исаева Қ.О. мен қітапханашы Тайшибекова А.С. кітап көрмесін ұйымдастырып, әркім өз смартфонына QR-код бойынша жүктей алатындай мобильді кітапхана түрінде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы булеттер жасап, оларды студенттерге таратты.

Воспитательный час, посвещённый 120-летию Шарғына Алғазыұлы

10.11.2023 г. в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г.Алматы состоялся открытый воспитательный час на тему «Алаш рухты ақын», посвещённый 120-летию казахского поэта-просветителя Шарғына Алғазыұлы.

Цель мероприятия: рассказать о жизни и творческом наследии Шарғына Алғазыұлы, оставившего великое наследие в казахской литературе.

Гости вечера: Алғазиев Тілеухан Шарғынұлы — сын поэта, Алғазиев Ердос Беделханұлы — правнук. Сын поэта Тілеухан Шарғынұлы поделился своими воспоминаниями об отце и передал 2-х томный сборник стихов в фон библиотеки колледжа.

Организаторы мероприятия: преподаватели ЦМК №3 Шинибаева А.А., Омашбекова Г.А., Алгазиева Ж.Б., Козыбекова А.О., студенты группы «СД 20-6», заведующая библиотекой Исаева К.О. и библиотекарь Тайшибекова А.С.