kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«SANALY URPAQ» аясында 2021-22 ж. арналған «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу

31.05.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, Сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында «Sanaly urpaq» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған «Adaldyk alany» жобалық кеңселерінің өкілдері, арнайы мониторингтік топпен және ағартушылық-насихаттау штабының өкілдерімен кездесу өтті.

Қадірлі қонақтар, спикерлеріміз:

  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент өкілі, «ANTIKOR» ұйымының атынан келген қонағымыз Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлы.
  • Медеу ауданының «ADALDYK ALANY» басшысы, арнайы мониторингтік топта және ағартушылық-насихаттау штабының өкілінен келген қонағымыз — Зиябеков Бахнур Махсатович.

Шара барысында «Sanaly Urpaq» клубының жылдық жұмысы және колледждегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды. Қатысқан барша қызметкерлерге алғыс!