kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында дөңгелек үстелі

2025 жылғы 9 қыркүйекте Алматы қаласы «Жоғары медициналық колледжінде» №1 ЦӘК «Жалпы гуманитарлық пәндер» оқытушылары 1–2 курс студенттері үшін «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің ұлттың рухани және мәдени тірегі ретіндегі маңыздылығын талқылауға, Қазақстандағы тілдік және мәдени көптүрлілікке құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.

1 және 2 курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қазіргі қоғамда меңгерудің өзектілігі мен маңыздылығын талқылауға қатысты; Мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау жөніндегі ойларымен және идеяларымен бөлісті.

Елімізде жыл сайын 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Бұл жай ғана күнтізбелік күн емес, республикада тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен тілдерінің көптүрлілігіне деген құрметтің символы.