kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Медеу ауданының ПБ инспекторымен түсіндірме жұмысы

2025 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК–да 1 курс студенттері үшін Алматы қ. Медеу ауданының ПБ инспекторы Ағжан Лазымбекұлы Сәрсеновпен түсіндірме жұмысы өткізілді.

Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар қылмысының өсуіне жол бермеу. Оң нәтижеге тек отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік мекемелер мен республикалық ұйымдардың бірлескен әрі үйлесімді жұмысы арқылы ғана қол жеткізуге болады.