kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«2025 жылдың үздік фельдшері» кәсіби шеберлік байқауы

2025 жылғы 19 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 3-4 курс білім алушылары арасында «2025 жылдың үздік фельдшері» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқау «Клиникалық пәндер» №3 ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен, білім алушылардың кәсіби дайындығының сапасын арттыру және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ең үздік білім алушыны анықтау мақсатында өткізілді.

Байқаудың міндеттері: білім алушылардың медициналық құзыреттіліктерін дамыту, қалалық және республикалық кәсіби шеберлік байқауларына дайындықты қамтамасыз ету.

Байқау кезеңдері:
1. «Менің мамандығым – фельдшер» тақырыбындағы презентация;
2. «Эрудит» медициналық викторинасы;
3. Практикалық дағдыларды жүргізу.

«2025 жылдың үздік фельдшері» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
• Байқаудың Бас жүлде иегері – «ЕІ 22-2» тобының студенті Рамазан Қасен;
• 1-орын – Сағын Сағият («ЕІ 21-1» тобы);
• 2-орын – Масутов Ахмат («ЛД 22-3» тобы);
• 3-орын – Созақбай Ануар («ЕІ 21-2» тобы);
• «Ең креативті қатысушы» номинациясының жеңімпазы – Дауыл Нұрмұхаммед («ЕІ 22-1» тобы);
• «Ерекше шешімдер авторы» номинациясының жеңімпазы – Нурсалимов Санжар («ЕІ 22-1» тобы).

Байқауға қатысқан барлық студенттерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оларға оқуда табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Конкурс профессионального мастерства «Лучший фельдшер 2025 года»

19 мая 2025 г. в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г.Алматы среди обучающихся 3-4 курсов специальности «Лечебное дело» был проведен конкурс профессионального мастерства «Лучший фельдшер 2025 года».

Конкурс был организован преподавателями ЦМК №3 «Клинические дисциплины» с целью повышения качества профессиональной подготовки и определение лучшего обучающегося по специальности «Лечебное дело».

Задачи конкурса: развитие медицинских компетенций обучающихся, подготовка к городским и республиканским конкурсам профессионального мастерства.

Этапы конкурса:
1. Презентация на тему: «Моя профессия — фельдшер»
2. Медицинская викторина «Эрудит».
3. Отработка практических навыков.

По итогам конкурса «Лучший фельдшер 2025 года» члены жюри определили лучших конкурсантов:
• Гран-при конкурса у Рамазана Касен — студента гр. «ЛД 22-2».
• 1 место — Сағын Сағият (гр. «ЛД 21-1»);
• 2 место — Масутов Ахмат (гр. «ЛД 22-3»);
• 3 место — Созақбай Ануар (гр. «ЛД 21-2»);
• Дауыл Нурмухаммед (гр. «ЛД 22-1») стал победителем в номинации «Самый креативный участник»,
• Нурсалимов Санжар (гр. «ЛД 22-1») — победитель в номинации «Автор нестандартных решений».

Все участники конкурса были награждены дипломами и памятными подарками. Мы поздравляем победителей, желаем новых свершений и успехов в учебе!