kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Нағыз Қазақ – Домбыра»

2024 жылдың 15 наурызында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК аспаптар клубы студенттері «Нағыз Қазақ – Домбыра» атты дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кеш ұйымдастырды.

Мақсаты: домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағы, сарқылмас қазынасы. Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.

Домбыра — Қазақ халқы үшін тұтас бір дүние және оның жаны. Бұл аспап Ұлы даланың терең философиясын бейнелейді.

Қазақ әдебиетінің классиктері домбыраға деген таңданысы мен ерекше құрметін білдірген. Абай, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және көпетеген басқа да қаламгерлер домбыраға деген сүйіспеншілікке толы шығармалар қалдырды.

2014 жылы домбырада қазақ күйлерін орындау өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Музыкальный вечер «Нағыз Қазақ – Домбыра»

15 марта 2024 г. студентами — членами клуба национальных инструментов КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы был организован музыкальный вечер «Нағыз Қазақ – Домбыра».

Домбра – целый мир для казахского народа, его душа. Этот инструмент отражает глубокую философию Великой степи.

Свое восхищение и особое почтение к домбре выражали классики казахской литературы. Строки, полные любви к домбре, оставили Абай, Ильяс Жансугуров, Сакен Сейфуллин, многие другие мастера пера.

Искусство исполнения казахских кюев на домбре в 2014 г. было включено в список нематериального культурного наследия ЮНЕСКО.