kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ КОЛЛЕДЖ ИННОВАЦИЯЛАРЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН БАҒАЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов жұмыс сапары аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК барды.

Сапардың басты мақсаты – білім беру ортасын бағалау, инновацияларды енгізу және колледждің Денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-қатерлеріне дайындығын көру.

1981 жылы медициналық училище ретінде құрылған колледж бүгінде елдегі медициналық кадрларды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі болып табылады. Ол 8 мамандық және 10 біліктілік бойынша бағдарламаларды іске асырады, колледж халықаралық аккредиттеуден өткен және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растаған.

Марат Пашимов биыл қала әкімдігі колледж студенттеріне 741 білім грантын бөлгенін атап өтті.

Әрі қарай, колледж директоры Жумахан Молдакулов министрге білім беру бағдарламаларын, кадрлық әлеуетпен және инновациялық жобалармен таныстырды. Директор мекеме мегаполиске орта медициналық персоналды дайындауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Министр кітапханамен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен және заманауи симуляциялық орталықпен танысты. Орталықта болашақ мейіргерлер робот-манекендерде дағдыларды дамытады, цифрлық бағдарламаларды, 3D-анатомияны, электрондық кітапхананы, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелерді пайдаланады. Оқытушылар өздерінің авторлық оқулықтарын көрсетті, олардың 12-сі авторлық куәліктерін алды.

Ақмарал Әлназарова студенттік активпен және «Мейіргер ісі» мамандығының, оның ішінде инклюзивті бағдарламалар бойынша білім алушылармен кездесті.

Министр дайындықтың жоғары деңгейін атап өтіп, мейіргерлер елге кадрлар ретінде қажет болатын негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша Ақмарал Әлназарова техникалық мамандарды даярлау бағдарламаларын енгізуді, мейіргер ісін дамыту орталығын құруды, паллиативтік көмек орталығын колледжге клиникалық база ретінде беруді қарастыруды, кабинеттерді робот-симуляторлармен жабдықтауды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды тапсырды.

Перспективалар – білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және колледждің Алматы мен бүкіл ел үшін медициналық кадрларды даярлаудың негізгі алаңы ретіндегі рөлін нығайту.

Министр здравоохранения РК оценила инновации и образовательную среду Высшего медицинского колледжа УОЗ г. Алматы

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова и руководитель Управления общественного здравоохранения Алматы Марат Пашимов в рамках рабочей поездки посетили КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ города Алматы.

Главная цель визита – оценка образовательной среды, внедрения инноваций и готовности колледжа к новым вызовам системы здравоохранения.

Основанный в 1981 году как медицинское училище, сегодня колледж является одним из ведущих центров подготовки медицинских кадров в стране. Он реализует программы по 8 специальностям и 10 квалификациям, прошёл международную аккредитацию и подтвердил соответствие международным стандартам качества.

Марат Пашимов отметил, что в этом году акимат города выделил 741 образовательный грант для студентов колледжа.

Далее, директор колледжа Жумахан Молдакулов представил министру образовательные программы, кадровый потенциал и инновационные проекты. Он подчеркнул, что учебное заведение играет ключевую роль в подготовке среднего медицинского персонала для мегаполиса.

Министр ознакомилась с библиотекой, учебными кабинетами, лабораториями и современным симуляционным центром. Здесь будущие медики отрабатывают навыки на роботах-манекенах, используют цифровые программы, 3D-анатомию, электронную библиотеку, а также автоматизированные системы.

Преподаватели продемонстрировали учебные пособия собственного авторства, 12 из которых уже получили авторские свидетельства.

Акмарал Альназарова встретилась со студенческим активом и обучающимися специальности «Сестринское дело», в том числе по инклюзивным программам. Министр отметила высокий уровень подготовки и подчеркнула, что сестринское дело остаётся одним из ключевых направлений, где стране особенно нужны кадры.

По итогам визита Акмарал Альназарова поручила внедрить программы подготовки технических специалистов, создать Центр развития сестринского дела, рассмотреть передачу Центра паллиативной помощи колледжу как клинической базы, дооснастить кабинеты роботами-симуляторами и развивать международное сотрудничество.

Перспективы – расширение образовательных возможностей и укрепление роли колледжа как ключевой площадки подготовки медицинских кадров для Алматы и всей страны.