kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!» әдеби кеші

2023 жылы 03 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!» әдеби кеші ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, өмірі мен поэзия жанрындағы еңбектерінен мағлұмат беру. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным — біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Мағжан Жұмабаев – тамаша қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында – ақ Еуропа орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: № 1 ЦӘК оқытушылары Тажиев Е.Е., Джамалдинова З.Б., Шапулатова Р.Т., Кушербаева А.С., Садыкова И.Т. және тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі.

Творческий вечер «Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!»

03 ноября 2023 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы в честь 130-летия со дня рождения поэта, деятеля движения «Алаш» Магжана Жумабаева состоялось мероприятие «Ұлтын сүйген – ұлы жүрек Мағжан Жұмабаев!»

Цель мероприятия: дать сведения о жизни и произведениях поэта, расширить знания обучающихся о казахской литературе через произведения поэта.

Магжан Жумабаев — замечательный казахский писатель, поэт, публицист, основатель новой казахской литературы. Его мощный, жизнерадостный, зажигательный для сердца тон, его поиски и новаторство подняли казахскую литературу в начале ХХ века на высокий уровень. Стихотворения поэта, наполненные безграничной любовью к Родине, нашли свой путь в сердцах народа и вошли в золотой фонд нашего литературного наследия.

Организаторы мероприятия: преподаватели ЦМК №1 Тажиев Е.Е., Джамалдинова З.Б., Шапулатова Р.Т., Садыкова И.Т., Кушербаева А.С. и отдел по воспитательной и социальной работе.