10.10.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Келіссөздер, коммуникация, медиация және дауларды шешу дағдылары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті жүргізген:
Амангелді Бақыт – келіссөз жүргізу және коммуникация саласындағы кәсіби жаттықтырушы.
Студенттер медиацияның негізгі ұғымдарымен, жанжалдарды конструктивті шешу жолдарымен, келіссөз жүргізудің тиімді әдістерімен танысып,тәжірибелік тапсырмаларға белсенді қатысып, өзара пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай іс-шаралар болашақ медицина мамандарының коммуникативтік қабілетін дамытып, кәсіби әрі тұлғалық өсуіне ықпал етеді.





