2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-2 курс студент-қыздарға арналған «Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында қыздар кеңесі өткізілді.
Мақсаты: студенттерге отбасылық өмірге ерте араласудың жауапкершілігі мен салдары туралы тұтас түсінік қалыптастыру; колледждің ішкі тәртіп ережелері туралы студенттердің хабардарлығын арттыру.
Дәрісті өткізген: Каштаева Ш.Е. – колледждің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі.
Дәріс барысында келесі мәселелер талқыланды: нравтық тәрбие мен мінез-құлық этикасы; қыз баланың отбасы мен қоғамдағы рөлі; колледж студенттерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
Мұндай кездесулер – саналы, жауапкершілігі жоғары әрі рухани бай ұрпақты тәрбиелеуге қосылған баға жетпес үлес болып табылады.




