kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Жастық шақтың жарқын сәттері» тақырыбында КВН ойыны

2025 жылғы 18 сәуірде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-де 1-курс студенттері арасында «Жастық шақтың жарқын сәттері» тақырыбында КВН ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін және сахналық шеберліктерін дамыту; көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

КВН (Көңілділер мен тапқырлар клубы) ойынының прототипі 1957 жылы журналист Сергей Муратов ұйымдастырған «Көңілді сұрақтар кеші» телебағдарламасы болды. Бұл бағдарлама Чехословакиялық «Болжай бер, болжаушы» телехабарының негізінде жасалған. Қатысушылар жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, жауаптарында ең алдымен тапқырлық пен әзілге мән берілді.

КВН ойынына барлығы 9 команда қатысып, олар 4 кезең бойынша бақ сынады: сәлемдесу, жылдам сұрақ-жауап, биатлон және үй тапсырмасы.

Командалар өздерінің креативтілігін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. «Үздіктерді анықтау қиын болды – барлық командалар керемет өнер көрсетті!», – деп атап өтті колледждің тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің жетекшісі, байқау қазылар алқасының мүшесі Каштаева Ш.Е.

Байқау нәтижелері:
? Гран-при – «Абырой» командасы («ЕІ 24-4» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
? I орын – «Ұнамаса қарама» командасы («ЕІ 24-5» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
? II орын – «Бабульки» командасы («ЛД 24-2» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
? III орын – «Мейрам киностудиясы» командасы («ЕІ 24-1» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі).

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен көрермендерге сыйлаған көңілді әрі тапқыр әзілдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше!

Игра КВН на тему: «Яркие моменты жизни»

18 апреля 2025 г. среди студентов 1 курса КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г.Алматы была проведена игра КВН на тему: «Яркие моменты жизни».

Цель проведения игры: развитие творческого потенциала и сценических навыков студентов; формирование культуры публичных выступлений.

Прообразом игры КВН (Клуб весёлых и находчивых) была передача «Вечер весёлых вопросов», организованная журналистом Сергеем Муратовым в 1957 г. по образцу чехословацкой передачи «Гадай, гадай, гадальщик». Участники передачи отвечали на вопросы ведущих, а в ответах главным образом приветствовался юмор.

Всего в игре КВН приняли участие 9 команд, которые соревновались в 4 конкурсах: приветствие, разминка, биатлон, домашнее задание.

Команды продемонстрировали креативность, остроумие и командный дух, подарив зрителям незабываемые эмоции. «Мы не ожидали, что будет так сложно выбирать лучших – все команды молодцы!», прокомментировала Каштаева Ш.Е. — руководитель отдела по воспитательной и социальной работе, член жюри конкурса.

Итоги конкурса:
? Гран-при – команда «Абырой» (студенты группы «ЕІ 24-4» отделения «Лечебное дело»);
? I место – команда «Ұнамаса қарама» (студенты группы «ЕІ 24-5» отделения «Лечебное дело»);
? II место – команда «Бабульки» (студенты группы «ЛД 24-2» отделения «Лечебное дело»);
? III место – команда «Мейрам киностудиясы» (студенты группы «ЕІ 24-01» отделения «Лечебное дело»).

Благодарим всех студентов за участие и искромётные шутки, которые вы подарили зрителям в зале. До новых встреч!