kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы

2024 жылдың 29 қазанында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай 1 курс студенттері мен Таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлерімен кездесуі өтті. Биыл тарихи ерлік жасаған батырдың туғанына 100 жыл толады Рахымжан Қошқарбаев небәрі 21 жасында Берлинде Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен.

Іс-шара жастардың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятуға бағытталған.

Кездесу барысында Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы бейнематериалдар ұсынылды. Таулы Қарабақ соғысының ардагерлері: Найзабеков Д.К., Құдабаев Қ.Н., Қуанышбаев Н.Д., Құланбаев А. және Будайбеков Р.Қ., өздерінің жеке оқиғалары және тәжірибелерімен студенттермен бөлісті.

Студенттер әртүрлі тарихи кезеңдерде әскери борышын өтеген жауынгерлердің ерлігі мен қаһармандығы туралы білді. Ардагерлер жастарды өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға әрқашан дайын болуға шақырды.

100-летие со дня рождения Рахимжана Кошкарбаева

29 октября 2024 г. в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г.Алматы состоялась встреча студентов 1 курса с ветеранами боевых действий Нагорно-Карабахского конфликта, посвященная 100-летию со дня рождения Рахимжана Кошкарбаева. В этом году исполняется 100 лет со дня рождения героя, совершившего исторический подвиг: в возрасте 21 года он водрузил Знамя Победы над Рейхстагом в Берлине.

Мероприятие направлено на воспитание у молодежи чувства патриотизма и любви к Родине.

В ходе встречи были представлены видеоматериалы о подвиге Рахимжана Кошкарбаева. Перед студентами выступили ветераны боевых действий Нагорно-Карабахского конфликта: Найзабеков Д. К., Кудабаев К. Н., Куанышбаев Н. Д., Куланбаев А. и Будайбеков Р. К., которые поделились своими личными историями и опытом.

Студенты узнали о мужестве и героизме воинов, выполнявших свой воинский долг в разные исторические периоды. Ветераны призвали молодежь быть патриотами своей Родины и всегда быть готовыми ее защищать.