kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Білім күніне арналған салтанатты жиын

02.09.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Артта — мектеп жылдары, қабылдау емтихандарына дайындық. Алда — жарқын және оқиғаға толы студенттік өмір. Білімге деген ұмтылыс пен тәртіп  болашақ мамандықтарыңыздың берік негізі болады, ал колледж қабырғасында тапқан достықтырыңыз жылдар бойы қалатын болады.

Колледж директоры, м.ғ.к., профессор Молдакулов Жумахан Мукашович бірінші курс студенттеріне құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты жиыннан кейін 1 курс студенттері үшін «Адал Азамат — Адал еңбек — Адал табыс» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын және берік адамгершілік негіздерін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс көзқарасты тәрбиелеу.

Құрметті бірінші курс студенттері! Біздің колледж — Қазақстан Республикасының жетекші оқу орны. Біздің студенттер қалалық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша WorldSkills өңірлік чемпионатында жүлделі орындарға ие болады. Өздеріңізді колледж дәстүрлерінің лайықты мұрагері болатындарыңызға сеніміміз мол.

Сіздерді Білім күнімен, оқу жылының басталуымен және «ВМК» студенттерінің қатарына қосылуымен құттықтаймыз!