2025 жылғы 4 маусым күні Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі», тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.
Мақсат: жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ерекше дизайнымен ерекшеленетін, рухани және мәдени құндылықтарға ие нышандар. 1992 жылы бекітілген бұл мереке – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа парақтың басталуын білдіреді.Колледждің студенттік кеңесінің белсенділері әсерлі концерттік бағдарлама дайындады: патриоттық әндер мен өлеңдер, би нөмірлері мен күйлер, «Алға!» ұранымен флешмоб және тағы басқа шаралар өтті.
Мемлекеттік рәміздер күні – бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар туымыздың, елтаңбамыздың және әнұранымыздың маңыздылығы мен мәнін еске алуға мүмкіндік. Олар бізді біріктіреді және ұлттық бірегейлігімізді сақтауға көмектеседі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!