05.06.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері «Таза Қазақстан — таза болашақ» эко — челленджіне қатысты.
Мақсаты: табиғатқа саналы және ұқыпты қарауды қалыптастыру арқылы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
«Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 23-12», «МІ 23-8», «МІ 23-11», «МІ 24-11» топтарының студенттері Колледжге жақын орналасқан аумақты, сондай-ақ аулалар мен арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара жастардың Алматы қаласының экологиясы мәселелерінде қалай бастама көтеруге қабілетті екендігінің жарқын мысалы болды.