2025 жылғы 29 сәуірде Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжінде» КМК-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 1-курс студенттері «Бір үзім нан» тақырыбында театрландырылған қойылымдар қойды.
Адамзат басынан өткеруі мүмкін ең қорқынышты жағдай – бұл соғыс пен аштық. 1941-1945 жылдардағы тыл өміріндегі ең үлкен мәселелердің бірі – азық-түлік тапшылығы болды. Соғыс аяқталғаннан кейін де азық-түлік жағдайы соғыс уақытындағыдан жақсы болмады. Ел әбден әлсіреген еді. 1946 жылы құрғақшылық болып, ол егіннің едәуір азаюына алып келді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі аштықтан қаза тапқан адамдардың нақты саны тарихшылар арасында әлі күнге дейін даулы мәселе. Кейбір деректер бойынша, КСРО-ның оккупацияланған аумағында аштықтан шамамен 4 миллион адам көз жұмған.
Бүгінде ата-әжелеріміздің қандай қиындықтарды бастан өткергенін елестету қиын, өйткені қазір біз кез келген уақытта қалаған тағамымызды сатып ала аламыз. Біз Отан үшін қиындықтарға төзіп, ерлік көрсеткен жандарды әрдайым естен шығармай, құрметпен еске алуымыз керек.