kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ұлы Отан соғысы туралы әдеби шығармашылық байқауы

23.04.2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы құрметіне орай Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Ұлы Отан соғысы туралы әдеби шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: патриоттық тәрбие беру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту; қазақ және орыс әдебиеті өкілдерінің мұрасын насихаттау.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кино, музыка, кескіндеме және поэзия сияқты көптеген жанрларда көрініс тапты. Өлең авторларының арасынан Б. Момышұлы, Қ. Симонов сияқты майдандангер ақын-жазушыларды; Ленинградта фашистер қоршауында болған ақын О. Берггольц; сондай-ақ жасына байланысты майданда болмаса да әдеби талантының арқасында жауынгерлік рухты оятып, үміт сыйлаған Ж. Жабаевтың өлеңдері оқылды.

Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Бурхандинова Наиля («Емдеу ісі» бөлімі «ЛД 24-2» топ), С. Нұрсағатұлының «Жеңіс күні» өлеңін оқыды;
2 орын — Алимова Гүлнар («Мейірбике ісі» бөлімі «СД 24-14» топ) М. Мақатаевтың «Менен сұра» өлеңін оқыды;
3 орын – Абай Аяулым («Емдеу ісі» бөлімі «ЕI 24-5» топ) А. Сурковтың «Песня смелых» өлеңін оқыды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және білімгерлерге қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Соғыс туралы өлеңдер әрқашан жүрегімізде сақталып, дәуірлер арасындағы көпірге айналсын.