kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты бірыңғай ерлік сабағы

18.04.2025 ж. Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің қатысуымен «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты бірыңғай ерлік сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: ұрпақтар байланысын нығайту, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Іс-шараның құрметті қонақтары:
• Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ермек Чингизов;
• Таулы-Қарабақ қақтығысының жауынгерлік іс-қимылдарының ардагері – Сайран Саянулы.
• ҚР ҚК ардагерлері – Курмангазы Алиев және Багдат Амреев.

Қонақтар соғыс қимылдарына қатысу тарихымен бөлісті, парыз, ар-намыс және патриотизм туралы айтты. Олардың жанды әңгімелері студенттер үшін батылдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болды.

Ермек Чингизов қатысып отырған студенттерге 1941-1945 жж. ҰОС қатысушы – кеңес сарбазының әскери киімін көрсетті. Ұсынылған нысан – ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайының экспонаттарының бірі.

Кездесу соңында Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы — Ермек Чингизов студенттерді патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Колледж әкімшілігіне алғыс хаттарды табыс етті.

Ардагерлер жастарды өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға әрқашан дайын болуға шақырды.