10.12.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1-2 курс студенттері үшін “ Ел болашағы – ізденімпаз жастарда” атты колледжішілік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияны “Жас ізденушілер” үйірмесінің жұмысы аясында №1 “Жалпы гуманитарлық пәндер” ЦӘК оқытушылары ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты: студенттердің шығармашылық бастамасын дамыту, өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру.
Ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын — Кемелғожа Санжар — “Гендік модификацияланған ағза (ГМА)” баяндамасымен “Емдеу ісі” бөлімшесінің “ЕІ 24-5” тобының студенті (ғылыми жетекшісі Ж.С. Бейсекенова);
ІІ орын — Үйсін Дания — “Мейіргер ісі” бөлімшесінің “МІ 24-12” тобының студенті, “Оқу процесінде “3D MERGE CUBE” интерактивті құралын қолдану” баяндамасымен (ғылыми жетекшісі Г.К. Ауелбекова);
ІІІ орын — Байжомарт Жансель және Кокеева Роббина — “Емдеу ісі” бөлімінің “ЛД 24-2” тобының студенттері “Көркем әдебиет шығармаларындағы психология және психикалық бұзылулар” баяндамасымен (ғылыми жетекшісі Ж.Ж. Сулейменова).
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Мұндай іс-шаралар студенттердің танымдық іс-әрекетін дамытуға, білім деңгейін және пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.