2024 жылғы 09 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК – да 1 және 2 курс білім алушылары үшін кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шақырылған қонақ: Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының майоры Ж.С. Ұйқымбаев.
Бүгінгі таңда Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Оң нәтиже отбасының, білім беру мекемелерінің, сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен ғана мүмкін болады.