05.06.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Sanaly Urpaq» Клубы ұйымдастырған іс-шаралар шеңберінде «Парасаттылық сағаты» өткізілді, онда студенттер мен ұжымның педагогикалық ұжымды қалыптастырудың бастауында тұрған және колледжде 30 жылдан астам жұмыс істеген оқытушы М.Б. Ембергеновпен кездесуі өтті.
Біздің Колледж әрқашан өзінің оқытушыларының кәсібилігімен ерекшеленді. Ембергенов Мазімбай Баекеұлы – білікті, еңбекқор және талантты педагогтың жарқын үлгісі.
Кәсіби қызметінен бөлек, Мөзімбай Баекеұлы поэзияны жақсы көреді және өлең жазады. Кездесуде ол әріптестері мен жақындарына арналған өлеңдер жинағын ұсынды. Кездесу соңында М.Б. Ембергенов кітапхана қорына кітаптарының бірнеше данасын сыйға тартты, оның өлеңдері оқытушылар мен студенттер арасында өз оқырмандарын табатынына сенімдіміз.
Колледж әкімшілігі атынан Мәзімбай Баекеұлына медицина қызметкерлерін оқыту мен тәрбиелеудегі көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс хат табыс етілді. Ұстазымызға, тәлімгерімізге және досымызға шығармашылық идеялар мен сарқылмас шабыт тілейміз!