kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Шоқтығы биік тұлғалар» атты еске алу кеші

30.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғарғы медициналық колледжі» КМК-да «ЕІ 22-02» мен «МІ 22-4» тобының студенттерінің ұйымдастыруымен қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Шоқтығы биік тұлғалар» атты еске алу кеші өтті.

Кештің мақсаты: студенттердің отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Кеш барысында, қазақ халқының тарихындағы қасіретті 1937-38 жылдары құрбан болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріліп, олардың есімдерін құрметтеп, ұмытпай, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға берілді.