kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Сағадат Қожахметұлы мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қою

05.05.2023 ж Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК оқытушысы Ахымбекова Ж.Б., «Студенттік кеңестің» студенттері, Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп Ұлы Отан соғысы ардагері және Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер – Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың (1924-2013 жж) мемориалды кешеніне тағзым етіп, гүл шоқтарын қалдырды.

Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихымыз бар. Ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі, қасиетті батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпайды. Батырларымызға алғыс білдіреміз. Жеңіс күні құтты болсын!