kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Денсаулық – табыс кепілі» тақырыбында дөңгелек үстелі

Осы жылы Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 75 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуде.

№2 ЦӘК оқытушылары 7 сәуірде колледж акт залында колледждің барлық білім алушылары үшін «Денсаулық – табыс кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Анатомия оқытушылары – Байзаханов Аслан Әділханұлы мен Тұрдықұл Дастан Ғалымұлы ДДҰ-ның пайда болу тарихы туралы қысқаша баяндама жасады. Сондай – ақ, 1 курс, 22 топ – «Акушерлік іс» мамандығының студенті Салимова Анель баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық брошюралар таратылды.

Біз барлық қатысушыларға осы дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз. Бұл іс-шаралар біздің білім алушыларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмір салтын насихаттау мен қолдаудағы және бүкіл әлемде аурудың таралуын болдырмаудағы рөлі қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.