kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Бізде 1 орын!

2023 жылғы 17 наурызда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының базасында, ҚазҰӨА-ның 125 жылдығын мерекелеуге арналған Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан турнирде Әлмірек Арайлым, Әшімбек Аяулым және Барат Сая өнер көрсетті.

Жарыс 10 колледждің үздік ойыншыларын бір шаңырақ астына жинады. Турнир қорытындысы бойынша жоғары санатты дене шынықтыру оқытушысы Идришев Рауан Базарханұлының жетекшілігімен колледжіміздің командасы 1 орынды – «Лаб 21-8» тобының студенті Барат Сая және 2 орынды – «МІ 20-6» тобының студенті Әшімбек Аяулым жеңіп алды, олар грамоталардан басқа жарыс медальдарын алды.

Колледж әкімшілігі студенттерімізді тоғызқұмалақ турнирдегі 1 және 2 орындарымен құттықтайды! Сізге әрқашан сенімді және батыл болуға тілектеспіз! Сәттілік әрқашан сіздің жағыңызда болсын!