kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Адель Оразалинованың тренингі

2023 жылдың 2 наурызында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК ВМК студиясында – танымал тележүргізуші, продюсер, ерікті және белсенді Адель Оразалиновамен тренингі өтті.

Тренингке қатысқандардың волонтерлік қызмет туралы көзқарасын біліп, бақылады. Көбінде волонтер жайлы түсінік бар, бірақ қате стереотипті ұстанатындар да жоқ емес. Басым бөлігі волонтерлік пен еріктілік бірдей ұғым деп есептейді. Іс жүзінде, еріктілік – волонтерліктің үлкен компонентінің бірі ғана. Волонтер – ерікті түрде қоғам игілігі үшін қайтарымсыз жұмыс істейтін адам.