kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Есірткіге қарсы іс қимыл» тақырыбында кездесу

20.02.2023 жылы Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК Алматы қаласы “Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының” аға жедел уәкілі полиция майоры – Досболова Сұлушаш Ақылбекқызымен “Есірткіге қарсы іс қимыл” тақырыбында кездесу өткізілді.

Бұл кездесуде студенттерге есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткі мен дәріханалық есірткіге тәуелділікті қолданудың зияны туралы түсіндірді. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік тартылатыны еске салынды. Өз кезегінде студенттер Досболова Сұлушаш Ақылбекқызына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.