kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық кітап сыйлау күні

2023 жылғы 14 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Оқуға құштар колледжі» жобасы, сондай-ақ Халықаралық кітап сыйлау күні аясында «Оқы және өзгеге сыйла» буккроссинг акциясы басталды.

Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда – «кітап алмасу») – бұл халықаралық қоғамдық қозғалыс. Оның мақсаты – жауапты «кітап тұтынуды» насихаттау. Адам кітапты оқығаннан кейін оны кез-келген адам алу үшін қоғамдық жерде (кафеде, кітапханада) қалдырады. Кітапты алған адам кейінірек процесті қайта бастайды.