kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Алматы қ. дағдарыстар мен ТЖ дайындығына назар аудара отырып, патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша жаттықтырушыларды даярлау

09.01-20.01.2022 ж. бастап Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК базасында патронаж жүйесінің Алматы қаласындағы дағдарыстар мен төтенше жағдайларға дайындығына назар аудара отырып, патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша жаттықтырушыларды даярлау бойынша тренинг өткізіледі.

Тренингті UNICEF қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұйымдастырылды.

Контингент: мейірбикелер, колледж оқытушылары.

Оқытуды келесі жаттықтырушылар жүргізеді:

  • Ким Наталья Георгиевна – УПМ бойынша ұлттық шебер-жаттықтырушы, UNICEF сарапшысы;
  • Есимова Динара Габиболлаевна – УПМ бойынша ұлттық шебер-жаттықтырушы, UNICEF сарапшысы;
  • Антонова Елена Юрьевна – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақалап қарау» бөлімінің дәрігері;
  • Исмағұлова Сандуғаш Жаркенқызы – әлеуметтік жұмыс бойынша сарапшы.

Фасилитаторлар: Манкеева Гульяра, Исмагулова Сандуғаш (Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жаттықтырушылары)

Оқыту мақсаты: дағдарыстар мен төтенше жағдайларға дайындық және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау (балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жауап беру шаралары) мәселелерін қоса отырып, патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша жаттықтырушылар үшін тренинг өткізу. Патронаж қызметі қызметкерлерінің әлеуетін нығайту. Алматы қаласында патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша жаттықтырушылар командасын құру.

Тренингте келесі мәселелер қарастырылады:

  • UNICEF-тің баланың ерте дамуы модульдері;
  • Қамқоршы медбикенің рөлі. Эко-карта жасауға арналған клиникалық жағдайлар;
  • Баланы тамақтандыру;
  • Бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі;
  • Бала тәрбиесінің жалпы мәселелері;
  • Стигма мен кемсітушілікті жеңу;
  • Балаларды зорлық-зомбылықтан, немқұрайлылықтан және қатыгездіктен қорғау және басқа да мәселелер.

Оқу аяқталғаннан кейін медициналық ұйымдардың қызметкерлерін одан әрі оқыту мақсатында Алматы қаласы үшін патронаждың универсалды-прогрессивті моделі бойынша 22 жаттықтырушы және басқа ҚР аймақтарға үшін 13 жаттықтырушы даярланады.