kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қазақстанның жыл мұғалімі – 2022»

19 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Bilim – orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстанның жыл мұғалімі – 2022» атты республикалық байқауы өтті.

Байқауға республика бойынша 200 ден астам оқытушылар қатысты. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №4 «Арнайы пәндер» ЦӘК оқытушысы Кожалимова Асем Абдешовна және №2 «Жалпы кәсіби пәндер» ЦӘК оқытушысы Давибаева Бану Рахымжановна қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша біздің колледждің оқытушылары «Қазақстанның жыл мұғалімі» атты республикалық байқауында жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Біз, Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі » КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері атынан оқытушыларымызды құттықтаймыз! Бұл жеңіс сіздердің әлі алдағы көп жеңістердің бірі болсын!