kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Фармацевтер және фармацевтикалық білім мен ғылымды қолдау қауымдастығы» ҚБ президентінің жұмыс сапары

2022 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Фармацевтер және фармацевтикалық білім мен ғылымды қолдау қауымдастығы» ҚБ президенті Данияр Абдамбаев келді.

Бұл қауымдастық 2011 жылы құрылды, оның қызметі фармацевтикалық білім беру мәселелерін шешуге және оның дамуына жан-жақты ықпал етуге бағытталған.

Алматы қ.ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Актаева Лязат Мейрашевна Д. Абдамбаевқа колледждің материалдық-техникалық базасын көрсетіп, оқу үдерісімен, атап айтқанда «Фармация» мамандығымен, Симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттілік орталығымен таныстырды.

Жұмыс сапары аясында Д. Абдамбаев пен «Алматы қ. мейіргер ісі мамандарының қауымдастығы» ҚБ президенті Тамаша Жавьясхан, қауымдастықтың құрылтайшысы Карбаева Майране Сейдахметовна бірлескен жобаларды дамытуды, атап айтқанда колледж оқытушыларын GxP стандарттарына және Қазақстандағы фармацевтикалық қызметтің нормативтік талаптарына оқытуды талқылады. «Фармацевтер және фармацевтикалық білім мен ғылымды қолдау қауымдастығы» ҚБ президенті Д. Абдамбаев кәсіби қауымдастық жұмысының барлық кезеңдерінде кез келген әдіснамалық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.