kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Студент қатарына қабылдау

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1 курс студенттерін “Студент қатарына қабылдау” салтанатты шарасы өтті. Дәстүрлі шарада 1 курс білім алушылары Жоғары медициналық колледжінің студенті деген атқа лайықты болуға ант беріп, символдық “Студенттік билетке”, “Сынақ кітапшасына”, “Алтын кілтке” ие болды. Қабылдау кешінің соңы оқу орнының өнерлі жастарының мерекелік концертіне ұласты.

Құрметті 1-курс студенттері!

ХХІ ғасыр – жаңалығы желмен жарысқан, ой өрісі ғарышпен таласқан білімді жастардың ғасыры. «Білім» атты  ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да тапқыр, білгір де білікті болатындарыңызға кәміл сенімдеміз. Білім алу жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!