kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық Ақ таяқ күніне арналған «Өзің сүйіп, еркелет өміріңді» атты мерекелік концерті

2022 ж. 18 қарашада Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Халықаралық Ақ таяқ күніне арналған «Өзің сүйіп, еркелет өміріңді» атты мерекелік концерт өтті. Концертті 21-12 және 22-18 «Мейіргер ісі» топтарының студенттері, «Массажист» біліктілігі (көру қабілетінен мүгедектер) дайындады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде соқырлық бар немесе көру қабілетінің бұзылуының қандай да бір түрімен шамамен 2,2 миллиард адам өмір сүреді. Халықаралық Ақ таяқ күнінің басты мақсаты – көзі көрмейтін адамдардың проблемаларына қоғамның назарын аудару, олар кейде ұзақ уақыт бойы байқалмай, біздің қасымызда тұрады және қоршаған әлемнің барлық түстерін көрмейді.

«Толеранттылық, Тең құқықтылық, Интеграция» – халықаралық Ақ таяқ күнінің басты үндеуі.

Біз «Массажист» студенттеріне дайындалған шоу бағдарлама үшін, берілген эмоциялар мен махаббат үшін алғыс айтамыз! Сіздерге зор денсаулық, айналадағы адамдардан жылуы мен мейірімділігі, шабыт, тілектердің орындалуын тілейміз!