kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Жұмыс берушілер күні

2022 ж. 15 қарашада Жұмыс берушілер күні аясында Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК клиникалық базалары – медициналық ұйымдары басшыларының Алғыс хаттарымен марапаттауы өтті.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің атынан алғыс хаттарды:

  • Біржан Серікбекұлы Досмайылов – ШЖҚ «№ 4 Қалалық клиникалық аурухана» КМК бас дәрігері;
  • Гүлшахира Ажимуханқызы Камбарова – ШЖҚ «№ 5 Қалалық емхана» МКК бас дәрігері алды.

Орта медициналық қызметкерлерді даярлаудағы клиникалық базалардың рөлі орасан зор, өйткені студенттің пациентпен тікелей байланысын ештеңе алмастыра алмайды. Студенттердің клиникалық ойлауының дамуына тәжірибелік сабақтар ықпал етеді, онда медициналық зерттеу мен клиникалық талдаулар жүргізіледі, манипуляциялар орындалады, медициналық жабдықтармен жұмыс игеріледі. Мұның бәрі студенттерді болашақ мамандығының ерекшеліктерін түсінуге жақындатады. Атап айтқанда, жалпы тәжірибедегі мейіргер, фельдшер, акушер, фармацевт, медициналық зертханашы, дантист және т. б.

Бас дәрігерлерге Алғыс хаттарды Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Маратұлы Шаметеков, Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Лязат Мейрашевна Актаева табыс етті.