09.11.2022 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттеріне «Суицидтің алдын алу» тақырыбында медициналық пункт фельдшері Тажиева У.А. ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.
Тренингті Ильясова Күлмира Баймұратқызы – Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен ДО «Отбасы» орталығының психолог-кеңесшісі, тренері жүргізді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша әлемде үшінші орында және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып табылады, сонымен қатар, суицидті Қоғамдық денсаулық сақтаудың басым мәселесі деп таниды.